Төбесінен нұр төгілген, дүниенің төрт мезгілінде жайнаған жаз ғана болып тұратын, орманды мекен еткен жануарлар мен жәндіктердің тыныс-тіршілігі арқылы, жас жеткіншектерді еңбек пен әсемдік әлеміне жетелейтін, балаларға арналған қызықты да, көңілді ертегі. Өмірде кездесетін барлық қызықтар мен қиыншылықтар осы қойылымда жәндіктер арқылы беріледі. Мұндағы жас, ханның қызына кімнің лайықты екенін қойылым барысында анықтай аласыздар.